АЛМАТЫДА БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ТҰРҒЫСЫНАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматы қаласында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ базасында «Конституциялық өзгерістер мен Президент бастамаларын диалог форматында талқылау» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жетекші сарапшылар мен мамандардың басын қосып, Конституциядағы өзгерістер заманауи сын-қатерлерге қалай жауап беретінін, азаматтардың құқықтарын қорғауды және балалардың қауіпсіз әрі үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауды талдауға арналды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – еліміздің жаңартылған құқықтық алаңы аясында мемлекеттілікті дамыту бағыттарын және азаматтардың мүдделерін қорғауды сарапшылық деңгейде талқылау.
Сарапшылар реформалар балалық шақ қорғалатын, ал отбасы қажетті қолдауға ие болатын құқықтық кеңістікті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Балалардың өз әлеуетін іске асыруына және қауіпсіз әрі әділетті қоғамда дамуына мүмкіндік беретін тетіктер қарастырылды.
«Жаңартылған Конституция балалардың құқықтарын қорғауға және әрбір бала өз әлеуетін іске асыра алатын қауіпсіз ортаны қалыптастыруға арналған платформа жасайды», – деп атап өтті институттың балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін дамыту зертханасының жетекшісі Ғалия Омарова.
Конституциялық реформалар, жаңа Конституцияның адамға бағдарлануы, тарихи сабақтастық, құқықтық нормалардың сақталуы, отбасы институтын сақтау және қолдау, балалардың әл-ауқатын қорғау тетіктерін дамыту мәселелері бойынша баяндамаларды Лаззат Сүлейменова, Анара Хасенова, Гүлшат Ақбаева, Сағым Нағашыбаева және Галия Омарова ұсынды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті.
Қатысушылар пікір алмасып, сарапшыларға сұрақтар қойып, конституциялық бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын бірлесіп талқылады.