Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

650 мыңнан астам ата-ана жаңартылған бағдарлама бойынша оқудан өтті

2023 жылдан бастап «Адал азамат» бағдарламасы аясында еліміздің барлық мектептерінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеп келеді.

2026 жылдың басынан бері Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында (АПҚО) 3.0 бағдарламасы бойынша 86 мыңнан астам сабақ өткізілді. Оқу процесі 650 мыңнан астам ата-ананы қамтыды. Ол саналы тәрбиені дамытуға, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

Сабақтардың мазмұны педагогтер мен ата-аналар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, жыл сайын жаңартылып отырады. Бағдарламаға бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейтуге және сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған практикалық тақырыптар мен әкелердің қатысуымен өтетін мектеп іс-шаралары енгізілген.

АПҚО 3.0 жаңартылған бағдарламасы модульдік принцип бойынша құрылған және үш бағытты қамтиды:

* Эмоционалды тұрақтылықты және ата-аналық сенімділікті дамыту;

* Бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру;

* Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға педагогикалық қолдау көрсету.

Мұндай тәсіл балалардың жас, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге, сондай-ақ отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен педагогттер мен психологтар жүргізеді. Ата-аналар сенімді қарым-қатынас орнату, қауіп-қатерлердің алдын алу және баламен эмоционалды байланысты нығайту бойынша ұсыныстар алады. Ересектердің жеке үлгісі мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тақырыптар үлкен қызығушылық тудыруда.

Сауалнама қорытындысы

Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналардың басым бөлігі тәрбие процесіне белсене араласа бастағанын атап өтті:

* 73,9% ата-ана балаларымен күн сайын сөйлеседі;

* 89,6% баланың қиындықтарына жедел әрекет етеді;

* 78% балаларының араласатын ортасын жақсы біледі;

* Әрбір екінші ата-ана тәрбие тәсілдерін қайта қарауға дайын;

* 62% алған білімдерін күнделікті тәрбие тәжірибесінде қолдануды жоспарлап отыр.

Орталықтар мектеп пен отбасы арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңына айналып, ата-аналарға білім алуға, қолдауға және бала тәрбиесі мен дамуының практикалық құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап