ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘРІС
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Нұргүл Қалданова дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының ата-аналар жиналысына қатысып, «Боламын деген баланың шығармашылығын дамыту» тақырыбында дәріс оқыды.
Жиналыс барысында баланың шығармашылық қабілетін ашу, оның бастамаларын қолдау, сенім мен мотивацияны арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ата-ананың қолдауы мен дұрыс бағыт-бағдарының дарынды баланың тұлғалық қалыптасуындағы маңызы атап өтілді.
Қатысушылар сауалдарын қойды, практикалық кеңестер алып, пайдалы пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Баланың «боламын» деген арманына қанат бітіретін, әрине, ең алдымен — отбасының сенімі мен қолдауы.