Жаңалықтар

image description
image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ: «KAZGUU.SCHOOL» МЕКТЕБІ

Ақтөбе қаласындағы жекеменшік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Ботагөз Космағамбетова мен Таңшолпан Жанаберген «KAZGUU.school» мектебінде әдістемелік қолдау жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында педагог-психологтердің қызметінің ұйымдастыру деңгейі, құжаттаманың жүргізілу сапасы, сондай-ақ тәжірибелік бағыттағы жұмыстар жан-жақты талданды.

Сонымен қатар, оқушыларға «Эмоциялар әлемі», «Эмоциялар лабораториясы», «Эмоция және сезім» тақырыптарында сергіту жаттығулары өткізілді.Нәтижесінде білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік тұрғыда нақты ұсыныстар беріліп, қызмет тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.

Мұндай кездесулер педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің сапасын көтеруге және білім алушылардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға септігін тигізбек.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап