ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ: «MPILS» БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ
Ақтөбе қаласындағы жекеменшік білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Ботагөз Космағамбетова мен Таңшолпан Жанаберген «MPILS» бастауыш мектебінде әдістемелік қолдау шараларын жүргізді.
Жұмыс барысында педагог-психологтердің кәсіби қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері, құжаттаманы жүргізу сапасы, сондай-ақ тәжірибелік жұмыстардың мазмұны мен нәтижелілігі зерделенді.
Сонымен қатар білім алушылардың эмоционалдық ахуалын жақсартуға бағытталған «Жүрегіңді түстермен толтыр» және «Топпен сырғанайық!» жаттығулары өтті.
Іс-шара қорытындысында мамандарға қызметті жетілдіру бағытында нақты әдістемелік ұсынымдар беріліп, жұмыс сапасын арттырудың тиімді тетіктері айқындалды.
Аталған қолдау шаралары педагогикалық-психологиялық қызметтің жүйелі дамуына және білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға ықпал етеді.