Жаңалықтар

image description
icon

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ТжКББ педагогтерінің кәсіби дамуы: нәтижеге бағытталған педагогикалық тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары табысқа жету жолдарымен бөлісіп, нәтижеге бағытталған тиімді жұмыс тәсілдерін таныстырды.

Тәжірибелік бөлім қатысушыларға нақты әдіс-тәсілдерді тәжірибеде көріп, өз жұмысына енгізуге мүмкіндік берді.

TEDx форматында өткен кездесуде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова «Эмоциялық жануға қарсы 5 ресурс» тақырыбында мазмұнды топтық жаттығулар ұйымдастырып, педагогтердің ішкі ресурсын арттыруға бағытталған тиімді құралдар ұсынды.

Ашық алаңда алдағы кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын педагогтерді қолдау, жігерлендіру және шеберлігін шыңдау мақсатында өзара тәжірибе алмасу ортасы қалыптасты.

Озық тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік қолдау көрсету және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған бұл кездесу қатысушылардың жаңа идеялармен, тың серпінмен жұмысына оралуына ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап