МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы мен Ақтөбе қаласындағы «Абырой» мектебі екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты — оқушылардың психологиялық саулығын нығайтып, эмоционалдық тұрақтылығын дамыту және білім беру үдерісінде қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Алдағы уақытта екі тарап бірлескен психологиялық түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұл серіктестік білім алушылардың жан-жақты дамуына және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Поделиться: