ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КИБЕРСАУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУДАН ӨТТІ
«Касперский зертханасы» қолдауымен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ғылыми-практикалық интитутының қызметкерлеріне киберқауіпсіздік негіздері бойынша арнайы оқыту өткізілді.
Оқыту семинарының бағдарламасы бүкіл Қазақстан бойынша мектеп мұғалімдерімен жұмыс істейтін және білім беру бастамаларын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ететін мамандарға бағытталды.
Семинарға Академиялық бөлімнің кәсіби даму департаментінің аға оқытушылары және Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Оқыту барысында «Касперский зертханасы» сарапшылары өзекті киберқауіптерге шолу жасап, әлеуметтік инженерияның кең таралған әдістерін, фишингтік шабуылдарды және жасанды интеллект пен дипфейктерді қолданатын заманауи алаяқтық туралы егжей-тегжейлі талдады.
Ерекше назар жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне аударылды.
Семинарда дайындалған институт қызметкерлері аймақтық білім таратушыларға айналады: олар мұғалімдерге семинарлар өткізеді, мектептегі профилактикалық бастамаларды қолдайды және әріптестеріне киберқауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес береді.
Оқытудың мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру және оқушыларда интернетте қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.