Жаңалықтар

image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫНДА «ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдері: буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудың әдістемелік негіздері мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығының бастамасымен «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға 180-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында педагогтермен бірге ата-аналар да болды. Сонымен қатар аудан әкімдігі, полиция бөлімінің, прокуратура және медицина саласының өкілдері қатысып, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ортақ пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Іс-шара барысында спикерлер буллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасында достық мәдениетін қалыптастыру, тәуекелдерді ерте анықтау және психологиялық қолдау көрсету бойынша тәжірибелік әдістермен бөлісті. Қатысушыларға әдістемелік құралдар таныстырылып, жасөспірімдердің бойында эмпатияны дамыту тәсілдері көрсетілді.

Семинар аясында Арзамас мектебінің педагогтері «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жобалық жұмыстарын таныстырып, буллингке қарсы тақырыптағы авторлық өлеңдерін оқыды.

Іс-шара соңында білім беру ұйымдарында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіп жүрген педагогтерге орталықтың сертификаттары мен алғыс хаттары табысталды. Балалардың шығармашылық қойылымдары семинардың мазмұнын толықтыра түсті.

Мамандардың айтуынша, балалар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру — мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап