ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ: ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова мен әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева Әйтеке би ауданындағы Т.Жүргенов, М.Жұмабаев атындағы және Комсомол орта мектептерінде болып, психологиялық-әлеуметтік қызметтің жұмысын зерделеу, әдістемелік қолдау көрсету және сүйемелдеу мақсатында жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында мектептердің педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтартеріне кәсіби қолдау көрсетіліп, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берілді.
Сонымен қатар білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған жұмыстар да талқыланды.
Осындай кездесулер білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің сапасын арттырып, мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.