«ӨНДІРІСТІК СЕКТОРДЫҢ КОНСОРЦИУМДАРЫ: ҚҰЗЫРЕТТЕР ОРТАЛЫҚТАРЫ» ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КОНКУРС
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды ғылыми-зеріктеушілік және тәжірбиелік құрастырым жұмыстарын әзірлеу арқылы жасанды интеллектті дамытуға және өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта өндірістік процестерді модельдеу («модельдік фабрика») және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.
Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушылар арасында консорциум құру қажет. 10% - дан бастап қоса қаржыландыру қаражатын енгізе отырып, өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қатысуы консорциумның міндетті шарттары болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де аяқталады.
Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты жобаның www.fpip.kz.