ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІ АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде ата-аналарға арналған «Психоэмоционалдық күйзелісті анықтау тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Шара барысында ата-аналарға психоэмоционалдық күйзелістің негізгі белгілері, оның пайда болу себептері және алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.
Ата-аналар бала тәрбиесінде баланың ішкі жан дүниесіне үңілудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Практикалық бөлімде «Көбелек», «Ішкі жан дүниеге үңілу», «Жақсы және жаман қасиеттер» атты жаттығулар жүргізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлері және тәжірибелерімен бөлісті.
Жаттығулар ата-аналарға баланың эмоциясын түсінуге, оның көңіл күйіне назар аударуға және қолдау көрсету жолдарын ұғынуға мүмкіндік берді.
Семинар жылы әрі ашық атмосферада өтті.