Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

17 қаңтарда оқушылардың жағымды қарым-қатынасы мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамашылық еткен «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясын іске қосу рәсімі өтті. 

16-17 қаңтарда «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясына арналған іс-шаралар өтті, оған ОАМ вице-министрі Е. С. Оспан, «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Е. Н. Иманғалиев, «Өркен» КЕАҚ вице-президенті Г. К. Балғабаева, бас сарапшы, п. ғ. д., профессор К. А. Сарбасова, сондай-ақ мектеп омбудсмендері мен ҚР мектеп әкімшіліктері қатысты. 

2024 жылғы 17 қаңтардан 17 ақпанға дейін өткізілетін акция оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында ынтымақтастыққа деген қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған, мұнда сенім, өзара сыйластық пен еркіндік атмосферасын құру, ынтымақтастық пен қолдауға дайын екендігін көрсету маңызды шарт болып табылады. 

Акцияға орта білім беру ұйымдарының бастауыш (1-4 сынып), орта (5-9 сынып) және жоғары (10-11 сынып) буын оқушылары, ата-аналар, педагогтер, еріктілер, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестері қатысады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап