Жаңалықтар

image description
icon

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ БАСТАУ АЛДЫ

2026 жылғы 26–27 наурызда «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ «Заң және тәртіп» жобасы аясында аймақтық білім басқармаларының үйлестірушілері мен тәлімгерлерін оқыту басталады.

Оқыту бағдарламасы жасөспірімдердің мінез-құлық нормаларына саналы көзқарасын қалыптастыруға, жеке қасиеттерін дамытуға, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жобаның ерекшелігі – прокуратура мен полицияның бұрынғы қызметкерлерінің тәлімгер ретінде қатысуы.

Оқыту барысында қатысушылар практикалық бағыттағы тренингтен өтеді.

Онда:

• жасөспірімдердің психологиялық және жас ерекшеліктерін;

• олардың дамуының негізгі кезеңдерін;

• сабақтарды өткізудің құрылымы мен форматын;

• тиімді әдістер мен жұмыс тәсілдерін меңгереді.

Сонымен қатар тәлімгерлердің білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлескен жұмысы қарастырылған. Бұл тұрақты әрі орнықты тәрбие жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап