Жаңалықтар

image description
icon

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Өркен» БӘАҰҒПИ «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» сабақтарын өткізетін педагогтердің қызметін ынталандыру мақсатында «Педагогтер мен ата-аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі ынтымақтастық» Республикалық байқауының өткізілетіндігін хабарлайды.

Байқауға қатысушылар nmo_nigrch@mail.ru электрондық мекен-жайына: қатысушының таңдауы бойынша бастауыш, негізгі және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ әзірлемесін (әзірлеме мәтіні, презентациясы, бейнеролик – сабақ туралы қатысушының пікірі) жіберуі керек.

Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарын алады.

Байқау материалдары 2024 жылдың 22 қаңтар мен 13 ақпан аралығында қабылданады.

Толық ақпарат байқау туралы ережеде көрсетілген. Байқау ережесі https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy институт сайтына жүктелді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап