«Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру
Бүгін, 24 қаңтарда, «Менің бауырым» волонтерлік жобасы аясында Астана қаласы жоғары оқу орындарының ерікті студенттерін оқыту басталды, ол ағымдағы жылдың 24-31 қаңтары аралығында жалғасады. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттру ұлттық ғылыми-практикалық институты КЕАҚ-ның 14 тренері онлайн және офлайн режимде семинар-тренингтер өткізеді. Барлығы 700-ге жуық студент білім алады.
24-26 қаңтар аралығында оқуға қаланың 4 ЖОО-ның 308 студенті қатысып, келесі тақырыптар бойынша оқытылады:
«Жобалық қызметті жоспарлау», «Еріктілер жұмысындағы оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу», «Ерікті студенттердің балаларды бақылау дағдыларын дамыту», «Әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер», «Коммуникация дағдыларын дамыту және пайдалы әдеттерді қалыптастыру».
Студенттер it-дағдыларды, қаржылық сауаттылықты дамытудың, денсаулықты сақтау мен нығайтудың, үлгерімі төмен адамдарға көмек көрсетудің заманауи нысандары мен әдістерін меңгереді.
Сондай-ақ, практикалық тренингтерде балалар және жасөспірімдермен мектепте жұмыс істеу үшін нұсқаулықтар мен ұсынымдар беріледі.
5 ақпаннан бастап студенттер мектептерде еріктілік қызметті бастайды. Жоғары оқу орындарында еріктілерге үйлестірушілер бекітілді.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
• Балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру;
• Мектеп – бала-ата-ана қарым-қатынасының сапасын жақсарту, буллингті азайту;
• Гуманистік идеалдармен қалыптасқан оң мінез-құлық тәжірибесі;
• Балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың практикалық дағдыларын алу;
• Жаңа мектеп, шығармашылық, жастар жобаларын құру
• Студент жастар арасында тәлімгерлік мәдениетін қалыптастыру.
* Еріктілер жобасы бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары министрлігінің бастамасымен мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамытушы білім беру ортасына белсенді жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылғанын хабарлаймыз. Педагог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, IT мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттері еріктілер болып табылады. Екі министрлік арасында 2023 жылғы қарашада Келісімге қол қойылып, Бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.