Жаңалықтар

image description
icon

«ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ» МЕДИА ЖОБАСЫ: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Zoom платформасында аудан психологтері, сондай-ақ аудан және қала әдіскерлерінің қатысуымен кезекті жиын өтті.

Жиынға орталық директоры Меруерт Жұбандықова мен баспасөз хатшысы Сағымбек Ұлықпанов қатысты.

Күн тәртібінде ағымдағы жылдың І тоқсанында Ақтөбе облысы аудандары мен Ақтөбе қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының ресми Instagram парақшаларында «Психолог кеңесі» медиа жобасы аясында өткізілген тікелей эфирлер мен аудандық газеттерде жарияланған мақалалардың қорытындысы қаралды.

Жиын барысында Меруерт Жұбандықова тоқсан қорытындысын таныстырып, Сағымбек Ұлықпанов жоба аясындағы жұмыстарға қатысты пікір білдірді, бірқатар ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, аудан әдіскерлері де ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалпы, жыл басынан бері жоба бойынша 110 тікелей эфир өткізіліп, 68 мақала жарияланды.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айынан бастап орталық бастамасымен «Психолог кеңесі» медиа жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында облысымыздағы жалпы орта білім беру ұйымдарының ресми Instagram парақшаларында ата-аналармен диалог орнату мақсатында тұрақты түрде тікелей эфирлер өткізіліп, аудандық газеттерде психологиялық кеңес беруге бағытталған мақалалар жариялануда.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап