НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Тренинг барысында қатысушылармен бірқатар маңызды жаттығулар жүргізілді:
«STOP белгісі» — жастарға зиянды әдеттерден аулақ болуға және күмәнді ұсыныстарға қарсы тұру дағдыларын қалыптастырды.
«Жоқ деп айт!» — тәуелділікке қарсы тұру қабілетін дамытып, өз ойын сенімді түрде жеткізуге үйретті.
«Менің болашағым» — қатысушыларға өз мақсаттарын айқындап, болашаққа нық сеніммен қарауға бағыт-бағдар берді.
«Командалық жұмыс» — топтық әрекет арқылы өзара қолдау мен бірліктің маңызын көрсетті.
«Эмоция мен сезімдер» — студенттер өз эмоцияларын танып, оларды басқару жолдарын талқылады.
«Таңдау мен жауапкершілік» — дұрыс шешім қабылдау және жауапкершілікті сезіну дағдыларын дамытуға арналды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, алған білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарын талқылады.