Жаңалықтар

image description
icon

ҮЗДІК ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және психологиялық қызмет сапасын жетілдіру мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Іздену. Өсу. Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Оған Әйтеке би, Мәртөк және Қобда аудандарының педагог-психологтары қатысып, үздік жұмыс әдістерімен бөлісті. Іс-шараны орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова жүргізді.

Орталық директоры Меруерт Жұбандықова педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Әйтеке би ауданы Талдысай орта мектебінің педагог-психологі Сая Сәкенай «Ұлттық құндылықтар арқылы ұсақ моториканы дамыту» тақырыбында балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып, ұлт мәдениетіне баулудың тиімді жолдарын көрсетіп, топтық жаттығулар жүргізді.

И.Құрманов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Ғалия Әмірғали «Мектеп оқушылары арасында мінез-құлық негіздерін қалыптастыру» тақырыбында оқушылардың эмоцияны басқаруы, жауапкершілікті сезінуі және дұрыс қарым-қатынас жасауына арналған практикалық әдістерін ортаға салды.

Жайсаң орта мектебінің педагог-психологі Анна Остафийчук «Оқушылардың ауызбіршілігін арттыруға арналған психологиялық тренингтер» тақырыбында оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату, топтық бірлікті нығайту, өзара қолдауды дамытуға бағытталған бағдарламасын ұсынып, практикалық жаттығулар жүргізді.

Орталық әдіскері Айдана Мырзаханова қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Көңіл-күй шеңбері» атты сергіту тренингін өткізді.

Семинар соңында өз тәжірибесімен бөліскен мамандарға Алғыс хаттар табысталды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап