ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ: ШАЛҚАР ЖӘНЕ ХРОМТАУ АУДАНДАРЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова мен әдіскер Ботагөз Қосмағамбетова Шалқар және Хромтау аудандарына қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Оған Шалқар ауданының №33, №36, №42, №44, №60 бастауыш мектептері мен Хромтау ауданы Құдықсай негізгі мектебінің оқушылары белсенді қатысты.
Кездесу барысында балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, олардың психоэмоционалдық жағдайын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, эмоцияларын түсіну мен басқару, ішкі тұрақтылықты сақтау және тұлғалық дамуға қадам жасау бағытында құнды мағлұматтар алды.
Поделиться: