Жаңалықтар

image description
image description
icon

ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен топтық тренинг өтті.

Тренингті «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова мен психолог Роза Көшкінбаева жүргізіп, оқушылармен өмірдің мәні, адамгершілік құндылықтар және болашаққа деген көзқарас туралы ой бөлісті.

Өмірдің мәні — әр адамның жүрегінде. Ал оның құндылығы — жасаған жақсылығында, таңдаған жолында, айналасына сыйлаған жылуында екенін айтты.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізді, өмірдегі маңызды құндылықтарды саралап, бір-бірімен пікір алмасты.

Әрбір қатысушы үшін бұл кездесу — өзін тануға, армандарын айқындауға және өмір жолын саналы таңдауға бағытталған маңызды қадам болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап