ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ: ӘЙТЕКЕ БИ ЖӘНЕ ҚОБДА АУДАНДАРЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова «EQ-LAB» жобасы аясында Әйтеке би және Қобда аудандарындағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Оған Әйтеке би ауданының Үшқатты жалпы орта, Талдық, Жарөткел негізгі орта, Толыбай, Тереңсай, Әйке жалпы орта мектептері және Қобда ауданының Бұлақ, Жарсай, Қобыланды негізгі орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысып, қызығушылық танытты.
Кездесу барысында балалардың эмоционалдық жағдайын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп, «Қауіпсіз алақан» жаттығуы және эмоциялар мен сезімдерді тануға арналған сергіту жаттығулары өткізілді.
Оқушылар жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, өз эмоцияларын түсіну мен тиімді басқару, ішкі тұрақтылықты сақтау және тұлғалық дамуға сенімді қадам жасау жолында білім мен тәжірибе алды.