Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ОҚУШЫЛАР ӨЗ ПІКІРЛЕРІН ЕРКІН ЖЕТКІЗУГЕ ҮЙРЕНДІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологтері Шынар Аманғалиева мен Роза Көшкінбаева Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж-кешенінің 8-сынып оқушыларымен «Жоқ! деп қалай айту? және өз шекараңды қорғау» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

Мақсат — оқушыларға өз пікірін еркін жеткізуге, жеке шекарасын қорғауға және түрлі өмірлік жағдайларда сенімді түрде «Жоқ!» деп айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушылар түрлі жаттығулар мен рөлдік ойындар арқылы өз сезімдерін білдіріп, қысымға қарсы тұрып және дұрыс шешім қабылдауды үйренді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап