Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ: МҰҒАЛЖАР, АЛҒА, ТЕМІР АУДАНДАРЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Назерке Өтеп Мұғалжар, Алға, Темір аудандарындағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен «Менің сезімдерім» тақырыбында онлайн форматында кездесу өткізді.

Кездесуге Мұғалжар ауданының Сабындыкөл бастауыш, Алға ауданы №5 бастауыш, Темір ауданының Еркінкүш және Көлтабан бастауыш мектептерінің оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушылардың жан дүниесіне үңіліп, олардың психоэмоционалдық жағдайын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Оқушылар жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, эмоцияларын түсіну мен басқару, ішкі тұрақтылықты сақтау және тұлғалық дамуға қадам жасау бағытында мағлұмат алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап