Еліміздің оқушылары Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендерінің бастамасымен 17 қаңтарда басталған «ДОСБОЛLIKE:
достық қолын соз» республикалық акциясына қосылды.
Акцияның мақсаты – әртүрлі жастағы оқушыларды достық, сыйластық қарым-қатынас, ынтымақтастық, қолдау және өзара көмек негізінде біріктіру.
Бүгінгі таңда акция аясында оқушылардың қатысуымен әлеуметтік желілерде #досболлайк #досболлайкакциясы #dosbollike хэштегтерімен 15 мыңнан астам хабарлама жарияланды.
Акция барысында балалар мен жасөспірімдер барынша өзінің даралығын, ішкі әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын және т.б. іс-шараларға белсенді қатысады.
Іс-шаралар тақырыбы:
✔Шығармашылық ынтымақтастық
✔Шағын зияткерлік академиясы
✔Спорттық достық
✔Шебер қолдар шеберханасы
✔Жақсы көңіл-күй
✔Еріктілер
Айта кетейік, акция 17 ақпанда аяқталмақ, одан кейін «ДосболLIKE: достық қолын ұсына» челленджі жалғасын таппақ.