Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың «Сапалы білім - сапалы адами капитал» атты бірлескен кеңейтілген алқа отырысындағы сөзінен

«Инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 67 мың жаңа орын ашылып 2-6 жастағы балаларды қамту 91%-ға дейін артса, апатты және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешуге бағытталған 137 мың орындық жаңа 165 мектеп іске қосылып, 12 апатты 29 үш ауысымды мектептің мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, еліміздегі 230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды. Оның 1008-і ауыл мектебі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы және уақтылы іске асыру мақсатында министрлік мектептерде эргономикалық, қауіпсіз орта құруды көздейтін барлық қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірледі» , - Ғани Бейсембаев

«Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою бағытында былтырғы жылдан бастап Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми сүйемелдеуімен Ақтөбе облысында пилоттық режимде бастау алды. Жоба негізінде ауыл мектептерінің инфрақұрылымы жаңғыртылып, педагог кадрлар сапасы артуда. Нәтижесі биылдан бастап барлық аймақтарға таратылатын болады. Жоба аясында Республикалық «Дарын» орталығы алғаш рет ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасын ұйымдастырды. Соның негізінде жүлделі орын иеленген ауыл мектебі оқушыларының саны 8 есеге жуық артты», – оқу-ағарту министрі.

«Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы - министрліктің ерекше бақылауында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын ЖБО-ға қосылған бейнекамералармен, лицензияланған күзетпен, турникеттермен және дабыл түймелерімен жарақтандыру толығымен аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар заңнамалық түрде бекітілген. Бракераждық комиссиялар мен ведомствоаралық сараптамалық топтар қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтті. Енді тек тағамның мөлшері ғана емес, сонымен қатар «жеткізушіден сақтауға» дейінгі технологиялық процесс бақылауда болады. Тамақтану сапасын арттыруда отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де маңызды», - Оқу-ағарту министрі.

«Техникалық және кәсіптік білім беруде студенттердің оқу шеберханаларынан нақты өндіріске «үздіксіз ауысуына» басымдық берілді. 558 колледжде дуальды оқыту ұйымдастырылып, 410 колледжді 500 кәсіпорын қамқорлыққа алды. Бизнестің тікелей қолдауының арқасында 75 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. 2023 жылы техникалық мамандықтарға қабылданған студенттердің үлесі 60% құрады», - Ғани Бейсембаев.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап