Жаңалықтар

image description
icon

АЛМАТЫДА СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №177 мектеп гимназияда «Үштік триада. Сенім. Қолдау» атты семинар практикум ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты – мектеп, ата ана және оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту, буллингтің алдын алу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Семинардың басты міндеті – мектеп, ата ана және бала арасындағы психологиялық педагогикалық ынтымақтастықты жетілдіру, сенім мен әлеуметтік қолдау тетіктерін дамыту. Іс шараға педагогтер мен ата аналар қатысты. Қатысушылар буллингтің алдын алу, балалар мен ересектер арасындағы сенімді қарым қатынасты дамыту, сондай ақ баланың физикалық және психологиялық әл ауқатына ортақ жауапкершіліктің маңызын талқылады.

Бағдарлама аясында:

•             «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыс есебі;

•             «Сенім. Қолдау. Ынтымақтастық» тақырыбындағы түсіндіру жұмысы;

•             шығармашылық және практикалық жаттығулар;

•             «Жүректен шыққан гүл – достыққа жол» атты шеберлік сабағы;

•             «Менің ішкі әлемім» арт терапиясы;

•             «Ата ана мен бала бірлігі» жаттығуы.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Жүректен шыққан гүл – достыққа жол» шеберлік сабағы мен «Менің ішкі әлемім» арт терапиясы тудырды. Олар эмоционалдық қолдаудың, өзара түсіністіктің және сенімді қарым қатынастың маңызын ашып көрсетті.

Семинар тиімді тәсілдер мен әдістерді талқылаумен аяқталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс шаралар мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтуға, құрмет, қолдау және ашық диалог мәдениетін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап