АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ, ЖЕТІСУ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 500-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТІ «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУДАН ӨТТІ
ҚР Оқу-ағарту министрі мен Білім және ғылым және жоғары білім министрінің қолдауымен қараша айында «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» еріктілер жобасы басталған болатын. Бүгінде оңтүстік өңірдің 500-ден астам студенті волонтерлік қызмет бойынша оқудан өтті.
Олар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қайнар академиясы, Алматы менеджмент университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Каспий университеті, Нархоз университеті, сондай-ақ № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі және «Бөбек» колледжінің студенттері оқытылды.
Студенттерді оқытуды «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты КЕАҚ-ның ғылыми қызметкерлері онлайн және офлайн форматында жүргізді.
Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасының еріктілері оқу барысында балалар мен жасөспірімдермен мектептерде жұмыс істеу үшін нұсқаулықтар мен нұсқаулар алды. Олардың одан арғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектеп ішіндегі өзара қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитын болады.