Жаңалықтар

image description
icon

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ «MENIN BAYYRYM» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУДАН ӨТУДЕ

Бүгін, 28 ақпан Алматы қаласында «MENIN BAYYRYM» волонтерлік жобасы аясында колледж студенттерін оқыту басталды. 300-ден астам студент ертең де білім беру мекемелерінің базасында офлайн форматында жалғасатын оқытуға қатысады.

Біз оқу орындарының әкімшілігіне және Алматы қаласы Білім басқармасына волонтерлік қызметті дамытуға қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бұл шынымен де маңызды және шабыттандыратын бастама!

«MENIN BAYYRYM» жобасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қолдауымен іске асырылуда.

Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарының студенттері осы тамаша жобаға қосылды және біз бірге әлемді жарқын әрі мейірімді ететінімізге сенімдіміз!

Сіздермен жобаның дамуы мен қол жеткізілген нәтижелер туралы жаңалықтармен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің жаңалықтарымыз назарларыңызда болсын!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап