10 000-НАН АСТАМ ПЕДАГОГ АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУДАН ӨТЕДІ
Үстіміздегі жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінен 10 000-нан астам педагог Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша оқытудан өтеді.
Бұл бастама балаларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейтуге, позитивті ата-ана болу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Айта кету керек, курс қорытындылары бойынша әрбір тыңдаушы өзінің білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін жобалау бойынша оның кәсіби құзыреттілігінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Қорытынды жұмысты қорғайды.
Поделиться: