Жаңалықтар

image description
icon

«ПЕДАГОГТЕР МЕН АТА-АНАЛАР: БАЛАЛАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ДОСТАСТЫҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНІҢ 700-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІН БІРІКТІРДІ

 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары шеңберінде оқыту деңгейін арттыру және сапасын тереңдету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беруді тікелей жүзеге асыратын педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашу және іске асыру мақсатында «Педагогтер мен ата-аналар: балалардың мүддесі үшін достастық» республикалық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Конкурстың міндеті – ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында оқытудың интерактивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде педагогтердің тиімді тәжірибелерін, инновациялық әдістемелерін және коммуникациялық-цифрлық технологияларын насихаттау және тарату.

Барлық қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетіп, педагог-тәлімгерлердің кәсіби мәртебесін растады.

Байқау жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен, номинанттар – грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Әрбір қатысушы байқауға қатысқаны туралы сертификат алады.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап