Жаңалықтар

image description
icon

КЛУБТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Ментор және мен» жас педагог-психологтерге арналған кәсіби даму клубының қорытынды отырысы өтті.

Іс-шараны жоба жетекшісі Лаура Бердібекова жүргізді.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова психологиялық қызметтің маңыздылығына тоқталып, әр маманның кәсіби дамуына қатысты құнды ақпараттармен бөлісті.

Жас мамандар жоба аясында «Кеңес беру мен супервизияның негізгі дағдылары» тақырыбында оқыту семинар-практикумына қатысты. Бірнеше терапиялық техникалар мен әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кеңес беру дағдыларын жетілдірді.

Жылы атмосфера мен пайдалы тәжірибе қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап