Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН ЕЛІМІЗДІҢ 200-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІ ЖИНАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және «Өркен» БӘАҒПИ қолдауымен ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі мен білім беру ортасының әл-ауқатының өзекті мәселелері: негізгі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты өңірлік семинар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы білім беру ортасын құруға байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін 200-ден астам педагогтерді жинады.

‼️Семинар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу, балалардың физикалық және психоэмоционалдық әл-ауқатын жақсарту, қолайлы психологиялық орта құру және сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелерге арналған.

▶️Іс-шара барысында спикерлер мен қатысушылар тәжірибе алмасып, аталған мәселелерді шешудің алгоритмдері мен стратегияларын талқылады.

▶️Пленарлық отырыста спикерлер ретінде сөз алғандар:

✅Е.Н.Иманғалиев - «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ президенті

✅Е. Н.Сәкенова - «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті

✅Б. У.Биекова - Алматы қаласы ББ бастығының орынбасары

✅С. А. Назарова - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарушы директоры

✅Ж. Т.Шонжанова - Алматы қаласы ІІД ювеналды полиция бөлімінің бастығы

✅Д. Е.Ибрагимов - Алматы қаласы Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерделеу орталығының басшысы

✅А. К. Магауя - Касперский зертханасындағы Орталық Азия және Монғолия аумағының В2С менеджері

✅В. Н. Якунин - «MASTER-IT» Сертификаттау және ақпараттық технологияларды дамыту Халықаралық қауымдастығының сарапшысы

✅В. С. Коканова - «Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ШЖҚ МҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы

✅Д. Төлеш-Әбдірахман - психолог, психотерапевт, Мемлекеттік басқару магистрі.

🌀Секциялық отырыстарда түрлі саладағы сарапшылардың қатысуымен педагогтер үшін шеберлік сағаттары өткізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап