ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АНАММЕН БІРГЕ СУРЕТ САЛАМЫЗ» СУРЕТТЕР БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
🌸Мереке қарсаңында оқушылар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты бастамасымен ұйымдастырылған «Анаммен бірге сурет саламыз» атты республикалық сурет байқауына қатысты.
💐Байқаудың мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы шығармашылық өзара іс-қимылды, отбасы институтын, отбасылық және балалар-ата-аналар қатынастарын нығайтуға ықпал ету.
🌀«Бұл байқау ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту үшін ұйымдастырылды. Осылайша, біз ата-аналарға балалардың шығармашылық дамуына қатысуының, көркемдік қызығушылықтары мен дағдыларын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығы туралы ой жеткізгіміз келді. Бүгінгі таңда байқауға 1000-нан астам оқушы мен олардың ата-аналары қосылды», – деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
✅Айта кету керек, байқауға мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мекемелердің білім алушылары қатысуда. Байқауға қатысушылар әлеуметтік желілерде суреттермен белсенді түрде бөліссе, білім беру ұйымдарының базасында үздік жұмыстардың көрмелері өтіп жатыр.