БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Орта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидтің алдын-алу» білім беру бағдарламасы бойынша 36 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабарлайды.
Курстың өткізілу мерзімі: 11-15 наурыз 2024 ж.
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.
Оқыту формасы: күндізгі.
Курстың мақсаты: кәмелетке толмаған балалар арасында суицидтің алдын алу бойынша орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыретін жетілдіру.
Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының басшылары.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.