БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша 40 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабарлайды.
Курстың мақсаты: Тыңдаушыларды білім беру ұйымдарында жағымды орта құруға оқыту: білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар, қызметкерлер арасындағы өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа, қамқорлық пен қолдауға, әр адамның жеке басына құндылық қатынасына негізделген мәдениет пен қарым-қатынас стилі.
Курстың өткізілу мерзімі: 11-15 наурыз 2024 ж.
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мақсаттық аудиториясы: білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.