БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» білім беру бағдарламасы бойынша 72 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабарлайды.
Курстың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың зорлық-зомбылығының алдын алу бойынша педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Курстың өткізілу мерзімі: 11-20 наурыз 2024 ж.
Оқыту тілдері: мемлекеттік.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мақсаттық аудиториясы: мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтары.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.