Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ПЕДАГОГТЕР БАЛАЛАРДЫ ЖӘБІРЛЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Наурыздың 28 күні «Өркен» Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты Алматы қаласы және Алматы облысы білім басқармаларының қолдауымен «Білім беру ұйымдарында балаларды жәбірлеудің алдын алу бағдарламасының мазмұны» тақырыбында аймақтық семинар өткізді. Семинарға Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі «ДосболLIKE» бағдарламасын сынақтан өткізетін орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде институттың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және қолданбалы зерттеулер департаментінің директоры Г.Ү. Сагимбаева «ДосболLIKE» бағдарламасы, оның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер туралы айтса, ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Б.К.Кудышева бағдарламаның әдістемелік негіздеріне тоқталды. Ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкерлері С.С.Қоңырбаева «ДосболLIKE» бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық ұжымды қалай дайындау керегін жан-жақты түсіндірсе, А.Х.Мухтаров бағдарламаны жүзеге асырудағы жүйелік тәсілді ортаға салды.  

Семинардың практикалық бөлімінде стратегия және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы Б. Алиев, аға ғылыми қызметкерлері А. Асқарова мен Н. Оспанбек, ғылыми қызметкер Е. Шайлановтардың қатысуымен   «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша жобалау қызметі арқылы білім алушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту, Білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын алу және қарсы тұрудың тиімділігін диагностикалау және мониторингілеу, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, «Жобаны жоспарлау» мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Соңында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, бағдарламаға қатысты біраз мәселені нақтылап алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап