Жаңалықтар

image description
image description
icon

«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарушы директоры С.А. Назарова және Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы жөніндегі сарапшысы, ДДҰ-ның елдік үйлестірушісі А.Әбілдинаның және «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Е.Н. Иманғалиев, бірінші вице-президенті Е.Н.Сакенова, сондай-ақ ғылыми қызметкерлері В.Прусс және Ж.С.Шонаевтің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында орта білім беру ұйымдарында «Саламатты мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланды.

Оған қоса, балалардың денсаулығын нығайту дені сау ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі аспектілердің бірі болып табылатынын атап өтті. Денсаулық баланың толыққанды дамуы, үлгерімі мен амандығы үшін негіз болып табылады. Балаларды ерте жастан салауатты өмір салты дағдыларына баулу, денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету маңызды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап