«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Елордалық № 59 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша педагогикалық кеңес өтті. Ұжыммен кездесу барысында «Өркен» БӘАҰҒП институты бірінші вице-президенті Е.Н. Сәкенова қазақстандық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндама жасады.
Өз сөзінде ол балаларды мемлекеттік қолдаудың, олардың құқықтарын, денсаулығын қорғаудың, білім берудің және өскелең ұрпақты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, институт «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын қолдауға бағытталған жобаларды іске асырылып жатқандығын атап өтті.
«Бүгінгі таңда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Менің бауырым», қазақстандық балалардың әл-ауқаты деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыруға бағытталған еліміздің білім беру ұйымдарындағы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары іске асырылуда.
Сондай-ақ, наурыз айынан бастап «ДосболLIKE» білім беру ұйымдарында білім алушыларды зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасын апробациялау басталды. Бағдарламада алғаш рет білім беру процесінің барлық субъектілері: әкімшілік, педагогтар, білім беру ұйымының барлық қызметкерлері, оқушылар, олардың ата-аналары тартылған проблеманы шешуге кешенді тәсіл жүзеге асырылды. Оны әзiрлеудiң өзектiлiгi қазiргi уақытта балалар, жасөспiрiмдер арасында және аутодеструктивтi мiнез-құлыққа қатысты зорлық-зомбылық көрiнiсiнiң үрдiсiне айналғандығымен байланысты.
Апробация 50 пилоттық білім беру ұйымында өтуде, оның ішінде 31 қалалық және 19 ауылдық мектеп», - деп атап өтті бірінші вице-президенті Е.Н. Сәкенова.