АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕПТЕРІ «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
2024 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласы пилоттық мектептер директорлары үшін «Менің бауырым» еріктілер жобасын іске асыру» тақырыбында онлайн-кеңес өткізілді. Кеңестің негізгі мақсаты бейінді министрлік бастамашылық еткен әлеуметтік еріктілер жобасын ілгерілету болып табылады. Кеңеске Алматы қаласы Білім басқармасы басшылығының өкілдері, пилоттық ұйымдардың 108 басшысы және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ-ның қызметкерлері қатысты.
«Бүгінгі таңда еріктілер қызметі өзара көмек пен өз-өзіне көмектесудің дәстүрлі нысандарын, қалың жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақысыз қызмет көрсетуді және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін қоса алғанда, ерікті түрде жүзеге асырылатын кең ауқымды қызметті қамтиды.
Елде 2016 жылдан бастап «Еріктілер қызметі» туралы заң бар. «Оқу орнының әкімшілігімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетін еріктілер қызметінің нәтижесі оқушылар үшін қауіпсіз қолайлы орта және достық пен бауырластық атмосферасын құру, балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту болуы тиіс», – деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Сакенова Е.Н.
Айта кету керек, «Менің бауырым» еріктілер жобасы аясында студенттер түрлі үйірмелердің (фото, шахмат) жұмысын, спорт секцияларын (ұлттық спорт түрлерін қоса алғанда), психологтер тренингтерін, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын және т.б. өткізе алады.