Жаңалықтар

image description
icon

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

🔰«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Орта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидтің алдын-алу» білім беру бағдарламасы бойынша 36 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабарлайды.

🗓Курстың өткізілу мерзімі: 22-26 сәуір 2024 ж.

▶️Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.

▶️Оқыту формасы: күндізгі.

🎯Курстың мақсаты: кәмелетке толмаған балалар арасында суицидтің алдын алу бойынша орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыретін жетілдіру.

🎯Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының басшылары.

✅Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап