🔰СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН 14 ПСИХОЛОГ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балаларына арналған психологиялық семинар ұйымдастырды.
Кәсіби психологтар мен дағдарыстық араласу жөніндегі мамандар балаларға зақымдайтын қиындықтарды жеңу тетіктерін, стресс және өмірге төзімділік дағдыларын дамытуға, дүрбелең шабуылдарға қарсы тұра білуге, туындайтын қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге көмектесетін эмоциялық қолдау көрсетті.
Семинар барысында балаларға сезімдерін білдіруге, қайғыларын талқылауға және қындықтарды жеңуге көмектесу мақсатында арт-терапия, ойын терапиясы, әңгімелер және қолдаудың басқа түрлері де пайдаланылды.
«Қазір әр баланың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін, сондай-ақ психологиялық және эмоционалдық жағдайын қамтамасыз ету маңызды. Семинар әр баланың жеке қажеттіліктеріне бейімделіп, оларға зақымдайтын оқиғаларды жеңуге және күресу тетіктерін дамытуға көмектесті», - деп атап өтті психологтер.
Семинарға «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында сауықтыру-оңалтудан өтіп жатқан 110 бала және 14 психолог қатысты. Психологиялық көмек балаларға орталықта болған барлық кезеңде қолжетімді болады.