СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген балаларға арналған психологиялық семинар ұйымдастырды.
Кәсіби психологтер балаларға эмоционалды қолдау көрсетеді, алаңдаушылықтарын жеңуге көмектеседі, туындаған қауіп-қатерге қалай дұрыс және ден қою керектігін түсіндіреді. Жеке көзқарастың арқасында балалар өздерінің сезімдері, алаңдаушылықтары мен эмоцияларын білдіруге мүмкіндік алды. Мұндай кәсіби көмек пен қолдау олардың тез эмоционалды-психологиялық қалпына келуіне ықпал етеді.
«Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын табиғи апат сияқты барлық жағынан жарақаттаушы оқиғадан кейін олардың психоэмоционалды жағдайын қалыпқа келтіру және жақсарту арқылы қамтамасыз ету бұрынғыдан да маңызды», - деп атап өтті психологтер.
Тренингке «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында сауықтыру-қалпына келтіру оңалтудан өтіп жатқан 110 бала қатысты. Психологиялық көмек балаларға орталықта болу кезеңінде қолжетімді болады.