Жаңалықтар

image description
icon

«БУКТРЕЙЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ

«Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты 2024 жылғы 15 сәуір мен 06 мамыр аралығында эстетикалық көріністерді, шығармашылық қызмет дағдыларын қалыптастыру, оқу белсенділігін арттыру негізінде конкурсанттардың тұлғалық дамуы мақсатында «Буктрейлер» республикалық бейнероликтер конкурсын өткізеді.

Конкурсқа жас санаттары бойынша 7 жастан 17 жасқа дейінгі жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.

Өтінімге сәйкес конкурстық жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 06 мамырды қоса алғанда электрондық поштаға жүзеге асырылады cit_nigrch@mail.ru. Өтінімнің үлгісі «Буктрейлер» республикалық бейнероликтер конкурсын өткізу туралы ережеде қоса беріледі. Конкурсқа қатысушылардың барлығын бір өтінімде көрсету қажет.

Конкурсқа қатысу үшін МР4 форматында ұзақтығы үш минутқа дейінгі сапалы бейнероликтер қабылданады.

Бір білім беру мекемесінен ұсынылған жұмыстардың саны шектелмейді. Ережеге сәйкес келмейтін жұмыстарды ұйымдастыру комитеті қарамайды.

Қосымша ақпаратты көрсетілген сайттан алуға болады https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап