Астанада ата-аналар комитеттерінің төрағаларына арналған республикалық семинар-тренинг өткізілді
2024 жылдың 5 желтоқсанында Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-аналар мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында Республикалық семинар-тренинг өтті. Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық институты ұйымдастырды. Семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен 500-ден астам қатысушы жиналды, олардың қатарында ата-ана комитеттерінің төрағалары, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының өкілдері болды. Семинардың басты мақсаты – ата-аналар мен мектептер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, ата-аналар комитеттерінің білім беру процесіндегі рөлін нығайту және балаларды заманауи қауіп-қатерлерден қорғаудың практикалық қадамдарын әзірлеу. Іс-шараның аясында білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасу мен тиімді шешімдер іздеу жүргізілді. Күннің бірінші жартысында қатысушылар 4 тақырыптық тренингтен өтті, олардың әрқайсысы нақты міндеттерді шешуге бағытталған: � � Ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қатынастарды қалыптастыру. Бұл тренингте ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді және ашық қатынастарды құрудың заманауи тәсілдері, әсіресе ақпараттық жүктемелер мен өзгерістердің жылдамдығы жағдайында эмоционалды байланыс орнатудың әдістері талқыланды. Қатысушылар отбасындағы сенімді атмосфераны құру, қақтығыстарды жеңу және үйлесімді отбасылық қатынастарды орнату бойынша тәжірибе алмасты. � � Ата-аналардың мектептегі рөлі. Бұл тақырыпта ата-аналардың мектеппен тиімді ынтымақтастықта болуы, сынып өміріне қатысуы және оқу процесін қолдауы туралы айтылды. Ата-аналар комитеттерінің білім беру және тәрбиелеу мәселелерін шешудегі рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ата-аналардың мектеп өміріне белсене араласу тәжірибелерімен бөлісті. � � Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық шаралар. Бұл тренинг қазіргі заманғы қауіптерден, оның ішінде кибербуллингтен бастап мектептердегі физикалық зорлық-зомбылыққа дейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар туралы болды. Қатысушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету, балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және оларды болашақта қауіпті жағдайларда әрекет етуге дайындау мәселелерін талқылады. � � «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл тренингте Қазақстанның ұлттық құндылықтарын ескере отырып, балаларды тәрбиелеудің маңыздылығы жайлы сөз болды. Қатысушылар балаларда отансүйгіштік, жауапкершілік және мәдениет пен дәстүрлерге деген құрметті қалыптастырудың әдістерін талқылады. Ұлттық патриотизм мен азаматтық сана қалыптастырудың тиімді жолдары ұсынылды. Күннің екінші жартысында пленарлық отырыс өтті, онда ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылының маңызды мәселелері қарастырылды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз сөзінде ата аналар комитеттерінің білім беру ұйымдарында рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуы балалардың дамуына және мектептің оқу процессін жақсартуға елеулі әсер ететінін айтты. Пленарлық отырыс барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды: � � Ата-аналар комитеттерінің ынтымақтастық құралы ретіндегі рөлі. Ата-аналар комитеттері білім беру процесіне тиімді ықпал ете алатынын, мектеппен және ата-аналармен байланыс орнатудың маңыздылығын талқылау арқылы өзара әрекеттесуді жақсарту жолдары ұсынылды. � � Балалар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу. Балаларда өз әрекеттеріне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, құқықтық сана қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді. Қатысушылар қиын өмірлік жағдайларда балалармен жұмыс істеу және дағдарысқа қарсы шараларды қарастырды. � � Әкелер кеңесі ретінде буллингтің алдын алу құралы. Әкелер кеңесінің мектептердегі буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсы күресте тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды. Мұндай кеңестердің мектептерде моральдық климатты жақсартуға, оқушылар арасында зорлық зомбылықтың алдын алуға және жақсы орта қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы сөз болды. � � Ата-аналар мен мектептер арасындағы өзара әрекеттесудің табысты үлгілері. Ата-аналар өз мектептерінде ата-аналар комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру, мектеп инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ата-аналар мен мектептердің бірлесіп өткізген іс-шаралары мен балалардың дамуына қосқан үлестері туралы пікір алмасты. Семинар ата-аналар мен мектеп арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды. Білім министрі Ғани Бейсембаев ата-аналар қоғамдастығының алдында сөз сөйлеп, педагогтарға құрмет көрсетуді, ал ата-аналарға ең алдымен өз отбасы мен балаларына үлгі болуды сұрады. Әр секцияда ата-аналар өз мәселелерін талқылап, өз өңірлерінің, отбасыларының, мектептерінің тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ қатысушылар арасында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде тәжірибелер алмасу пайдалы болды. Қатысушылар ата-аналарды қолдау, мектеп пен ата-аналардың ынтымақтастығы, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ата-ананың позитивті болуын дамыту мәселелері бойынша іс шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды және пайдалы бағдарлама үшін алғыстарын білдіріп, алған білімдерін жеке тәжірибеде және мектептерде қолдануға дайын екендіктерін атап өтті. Іс-шараның қорытындысы мектептер мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын күшейту үшін пайдаланылатын болады. Іс-шара пікір алмасумен аяқталды, онда қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Қазақстан мектептерінде балалар үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру үшін алған білімдерін практикалық қызметінде қолдануға дайын екендіктерін атап өтті.