Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

«БІЛІМ САПАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖАҚЫНДАСТЫРУ» IV- Халықаралық Жазғы Мектеп

2025 жылғы 12–14 тамыз аралығында Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді Жақындастыру Орталығының бастамасымен Еуразия елдерінің педагогтеріне арналған IV Халықаралық Жазғы Мектеп өтті. Іс-шара «Оқу мәдениетін жаңғыртуға біріктіретін беттер» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарық көргеніне 50 жыл толуына арналды.

ЮНЕСКО-ның 2022–2029 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиясында мәдениеттерді жақындастыру үдерісі адамзаттың бейбітшілікке, әлеуметтік интеграцияға және тұрақты халықаралық қауіпсіздікке қол жеткізуі үшін қажетті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Бұл ретте жанашырлық, мейірімділік, ізгілік, ынтымақтастық және бауырластық қағидаттарына сүйенбейінше, өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту мүмкін еместігі атап өтілді.

Жазғы мектепке Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Франция елдерінің жетекші халықаралық сарапшылары, танымал ғалымдар мен педагогтар қатысты. Спикерлер интерактивті оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру сапасын арттыру мен мәдениетаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен шешімдер іздеу процесіне белсенді түрде атсалысты.

Іс-шара Халықаралық мәдениеттерді жақсарту орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменовтің құттықтау сөзімен басталды. Спикерлер өз тәжірибиелерімен бөлісті және Жазғы мектептің үшінші күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында өтті. Қатысушылар музей аумағында ұйымдастырылған танымдық экскурсияға қатысып, сақ дәуірінің тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Сонымен қатар түрлі шеберлік сабақтары мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, онда білім беру саласындағы жаңа әдістемелер, мәдениеттерді жақындастырудың тиімді жолдары және жастардың жаңа бастамалары талқыланды. Күн соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындады.

Сессиялар келесі тақырыптарды қамтыды:

  • оқу мәдениеті және оқитын ұлттардың қайта өркендеуі;
  • білім беру ортасындағы тиімді мәдениетаралық диалогтың рөлі;
  • педагогтардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту және іс-әрекеттегі зерттеулерді дамыту.

IV Халықаралық Жазғы Мектептің қорытындысы ретінде қатысушылар білім беру сапасын арттыру, педагогтардың әлеуетін күшейту және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті тереңдету бағытында болашақ ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге келді.

Толығырақ ақпаратты «Инабат» журналының ресми басылымынан оқи аласыздар https://orken-instituty.kz/ru/journal

С.Е. Нурахметова,

редактор,

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру

ұлттық ғылыми-практикалық институты,

Алматы қ.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап