Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

Абай облысында ата-аналар мен педагогтерге арналған сессиялар басталды

Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» атты облыстық ата-ана мен педагогтерге арналған сессиялар топтамасы өз жұмысын бастады. Бұл кездесулердің басты мақсаты - ата-ана, педагог және мамандардың күш-жігерін біріктіре отырып, балалар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру, сонымен қатар педагог-психолог мәртебесі мен беделін арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда балалар жоғары оқу жүктемесі, әлеуметтік қысым, цифрлық тәуелділік пен тікелей өзара қарым-қатынастың азаюы жағдайында өсіп келеді. Мұның барлығы олардың эмоционалдық әл-ауқатына әсер етіп, отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа формаларын қажет етеді. Осыған орай ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты-барлық қатысушылар арасында жүйелі диалог орнатып, ересектердің психологиялық сауаттылығын арттыру және отбасы мен мектеп серіктестігін нығайту.

Сессия бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған. Балабақша мен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарына бейімделу жолдары ұсынылса, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына баланың сенімділігін қолдау мен қателікке деген қорқынышты азайту бойынша кеңестер беріледі. Жасөспірімдер ата-аналарына сенім мен диалог орнату тақырыптары талқыланса, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне емтихандық кезең мен кәсіби бағдарлау барысындағы қолдау мәселелері арқау болмақ.

Сонымен бірге мұғалімдер мен мектеп басшыларына арналған бөлек бөлімдер қарастырылған. Онда педагогтердің эмоционалдық күйзелісінің алдын алу, психологиялық мәдениетті дамыту және білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздік ахуалын қалыптастыру мәселелері қамтылады. Бағдарламаның маңызды бөлігі-педагог-психологтың кәсіби рөлін нығайту. Тәжірибе алмасу, жаңа әдістемелер мен практикалық кейстер арқылы мамандар білім беру жүйесінің негізгі тұлғалары ретінде қосымша мойындауға ие болуда.

Сессиялар интерактивті форматта өткізіледі: еркін диалог, практикалық жаттығулар, нақты жағдайларды талдау жүзеге асырылады. Қатысушылар тек пайдалы ақпарат қана емес, сонымен қатар тәжірибеде қолдануға болатын нақты құралдар, жадынамалар мен кәсіби мамандардың қолдау көрсетуге дайын байланыс деректерін алады.

Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы жүзеге асырып отырған бұл бастама - отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Негізгі ұстаным - әрбір балаға түсіністік танытып, қорғалған және қажет екенін сезінуіне жағдай жасау. Сонымен қатар бұл жоба педагог-психолог еңбегінің құндылығын айқындап, олардың кәсіби маңызын айрықша атап көрсетеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап