Жаңалықтар

image description
image description
icon

АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Ақтөбе қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Ботагөз Қосмағамбетова «Өмір ағашы» символдық арт-терапия тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты — оқушылардың өзін-өзі тануына, өмірлік құндылықтарын ұғынуына, ішкі ресурстарын ашуға және болашаққа деген сенімін арттыруға ықпал ету. Сонымен қатар, эмоционалдық тепе-теңдікті қалыптастыру мен тұлғалық дамуға қолдау көрсету көзделді.

«Өмір ағашы» символы арт-терапияда адамның өмір жолын, рухани дамуын және ішкі әлемін бейнелейтін маңызды әдіс ретінде қолданылады. Осы тәсіл арқылы оқушылар өз өмірінің кезеңдерін сурет арқылы сипаттап, тамырын — отбасы мен өткен тәжірибесін, діңгегін — жеке тұлғалық қасиеттерін, бұтақтарын — армандары мен мақсаттарын, ал жапырақтарын — қуаныш пен жетістіктерін бейнеледі. Олар өз «Өмір ағаштарын» салып, туындылары жайлы ой бөлісіп, өмір жолындағы маңызды адамдар мен оқиғаларды еске алды. Бұл жаттығу оқушылардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, ішкі сезімдерін ашық білдіруге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында қатысушылар жылы эмоцияға бөленіп, өздерін жақсырақ танып, бір-бірімен ашық пікір алмасты. Топта өзара түсіністік пен қолдау атмосферасы орнап, оқушылардың эмоционалдық ахуалы мен өзін-өзі бағалауы жақсара түсті.

Мұндай арт-терапиялық әдістер жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, рухани өсуіне және өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап