Жаңалықтар

image description
image description
icon

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУҒА ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева Ақтөбе қаласы №26 орта мектебінің 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларына сенімділікті арттыру, өзін-өзі тану және стрестік жағдайда өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

Оқушылар командалық өзара әрекеттесу, өзін таныстыру және күйзеліспен күресу жаттығуларына белсенді қатысты. Тренинг барысында қатысушылар «Керемет көрші», «Стақан» (стрестік жағдайды сезінуге арналған), өзіндік бағалауға арналған экспресс-сауалнама, ойдағы бейнелерді басқаруға бағытталған «Ақсақ ат», сондай-ақ денені сезінуге арналған «Ауа райы», «Лимон», «Шар» жаттығуларын орындады.

Өткізілген ойындар мен жаттығулар оқушыларға өз күшті жақтарын тануға, уайым мен мазасыздықпен күресуді және өзін-өзі реттеуді үйренуге мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер түлектерге емтиханға дайындалуға ғана емес сонымен қатар болашаққа сеніммен қарауға, өз күшіне сенуге және мақсаттарына біртіндеп жетуге көмектеседі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап